|
Азаматтық қоғам
"Қазақстанның болашағы үшін" жастардың қалалық бірлестігі
Мекен-жайы: ШҚО Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі 19 офис 512,
телефон/факс 8(3232)570-094,
e-mail: dinual@mail.ru
Тіркеу күні: 28.04.2000ж
ҮЕҰ жұмысының бағыты және міндеті:
Жастар бірлестігінің міндеті – Қазақстанның даму стратегиясын және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда жастардың жемісті дамуы мен белсенділігі үшін жағдай жасау.
Бірлестік жұмысының басымды тапсырмалары төмендегідей:
азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытуда жастардың белсенді ұстанымдарын тәрбиелеу, азаматтық қатысу принциптерін қалыптастыру;
жастар мәселесіне қатысты заңдардың, концепциялардың, мемлекеттік бағдарламалардың альтернативті жобаларын жетілдіру және оларды әрекеттегі мемлекеттік органдарға енгізу;
жастарды өздерінің бағдарламалары мен жобаларын қалыптастыруға қатыстыру, бастамаларды қолдау,
БАҚ арқылы жастар арасында қоғамдық пікірді қалыптастыру;
жастар арасында жүргізіліп жатқан реформалар туралы түсіндіру жұмыстары;
жастар мәселелеріне арналған конференциялар, семинарлар, симпозиумдар және басқа да іс-шаралар өткізу;
Ұйымның құрылғанынан бергі жетістіктері мен нәтижелері:
1. Белсенді азаматтық ұстаным мен отансүйгіштікті тәрбиелеу:
"Қазақстанның болашағы үшін" ЖҚ базасында қоғамдық штаптың құрылуы, "Біз кімді таңдайтынымызды білеміз!" республикалық акциясына қатысу, қалада "Солтүстік" үгітпоезының іс-шараларын ұйымдастыру;
"Сайлау үрдісіндегі жастардың рөлі" дөңгелек үстелін өткізу
ҚР-ның 10 жылдығына арналған жастардың манифестациясын өткізу;
"Молодёжный клуб" (ұйымдастырушы ретінде) жастардың тегін газетін шығару;
2. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру:
Жастардың "Драйв" атты Бос уақытының Орталығын құру;
Дискотекалар ұйымдастыру;
Ресми емес жастар үшін рок-фестиваль түріндегі іс-шараларды өткізу;
"АБК" және "Ұлытау" топтарының концерттерін ұйымдастыру;
3. Салауатты өмі салтын насихаттау:
"жауынгер семсері" дәстүрлі (жыл сайынғы) фестивальдары;
"21-ғасырға денсаулықпен", "Нашақорлыққа қарсы біргеміз" қалалық жыл сайынғы жастар акциялары;
4. Экологиялық акциялар және экологиялық мәдениет тәрбиесі:
"ЭКО – 99" альтернативті мода фестивалі;
"Отан" РСП-мен бірге көшеттер отырғызу;
ЖБДО ҚҚ-мен бірлескен "Жасыл бақ, таза қала" акциясы;
ШҚО ЖжБҰА-мен бірге балалар үйінің аймағын тазалау
5. Әлеуметтік жобалар:
"Евразия" Қорымен қаржыландырылған "Жастар бағдарламасы: жастар басқара алатын бюджет" 20 адамнан тұратын жастардың құрылыс отряды ұйымдастырылды, онда негізінен құрылыс білімі, жұмыс тәжірибесі бар жұмыссыз жастар.
Сондай-ақ әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар, социологиялық зерттеулер жасалуда, қала жастары үшін әлеуметтік іс-шаралар өткізілуде. Бірлестік қаланың жоғарғы оқу орындарымен, басқа қоғамдық бірлестіктермен, қала және облыс әкімдіктерімен белсенді қызметтестікте.
ЖҚҚБ "Қазақстанның болашағы үшін" қазіргі кезде бірлестік бағдарламаларының облыстық деңгейге таратылуы жүзеге асып отырған Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жастар ұйымы Ассоциациясының бастаушысы және ұйымдастырушыларының бірі болды.
6. 2005 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметі:
ЖБДО ҚҚ-мен бірлескен "Жасыл бақ, таза қала" акциясы (сәуір - мамыр);
Қаланың ОКОО және КМ арасында "Таза қала" экологиялық конкурсын ұйымдастыру және өткізу (мамыр - маусым);
ҚО ЖжБҰА-мен бірге көктемгі қайырымдылық апталығына белсенді қатысу (сәуір);
Экологиялық жобалар жәрмеңкесіне қатысу, презентация проекта «Ертең кешегіге қарағанда тазарақ болады!» жобасының тұсау кесері (маусым);
ШҚО ІСҚ ұйымдастырған әлеуметтік жобалар жәрмеңкесіне қатысу, "Аймақты дамыту басқармасына азаматтық қатысу" жобасының тұсау кесері (маусым)
Ұйым басшысы: Уәлкенова Динара Хамитқызы,
Туған жылы: 06.06.1983ж
Азаматтығы: ҚР-ның азаматшасы
Білімі: 2004 – осы кезге дейін: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жоғарғы магистрлік мектебі мамандығы Қазақстан Тарихы. 2000 - 2004: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Тарих мамандығы бойынша жоғарғы білім алғаны туралы диплом Қосымша білімі:
Мамыр - желтоқсан 2003 "ЗУБР" ӘКҚ ұйымдастырылған жастар аудиториясымен жұмыс істеу үшін жаттықтырушыларды дайындау бойынша оқыту бағдарламасы Қыркүйек 2003, тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық желісімен ұйымдастырылған тәуелсіз сайлау бақылаушыларын дайындау бойынша оқыту бағдарламасы Қазан 2003 тұрақты даму бойынша Орта Азиялық ақпараттық желі, Конрад Аденауэр қоры ұйымдастырған «Жастар бастамасы және мемлекеттік институттар: диалогқа жол» оқыту семинары «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ ұйымдастырған оқыту бағдарламалары Жұмыс тәжірибесі:
2005 – осы кезге дейін «Қазақстанның болашағы үшін» ЖҚҚБ төрағасы
2003 – осы кезге дейін «ШҚО ЖжБҰА» ЗТБ маманы
2003 - 2004 Тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық желісі облыстық филиалының жаттықтырушы-кеңесшісі
Тілдерді білуі:
Қазақ, орыс - еркін, ағылшын – қарым-қатынас жасау
Қызықтаулары: Тарихи романдар |